Ақмола облысында пайдаланылмаған 1,5 млн гектардан астам жер анықталды - прокуратура

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында пайдаланылмай жатқан 1,5 миллион гектардан астам жер анықталды. Осы заң бұзушлықтарға байланысты құзырлы органдардың атына прокурорлық жауап ретінде акті енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Актіні орындау нәтижесінде пайдаланылмай жатқан кадастрлық құны 1,8 миллиард теңгеден астам, аумағы 120 мың гектардан асатын 170 жер телімі мемлекет қорына қайтарылды.

«Жер телімін қайтарып алу – бұл соңғы шара. Бастапқы да жер иеленушіге жерді мақсатты түрде пайдаланып, игеру шаралары туралы жазбаша ескерту жасалады. Осы ретте, прокуратура шараларының нәтижесінде кадастрлық құны 5,3 миллиард теңге, аумағы 657 мың гектар болатын 500 жер телімі игеріле бастады», - дейді прокуратурадан.

Ведомстводан атап өткендей, егер жер ұзақ уақыт иегерілмей жатса, онда он айлық мөлшерде салық салу және одан әрі жерді мемлекеттік қорға қайтару мәселесі қаралуда. Сонымен бірге, жер қайтарылып алынған жеке және заңды тұлғалар жауапсыз жер пайдаланушылар тізіліміне алынады. Бұл олардың кейін қайтара жер алу мүмкіндігін жояды. Пайдаланылмай жатқан жер телімдерін анықтап, мемлекетке қайтару бойынша жұмыстар одан әрі жалғасуда.


Соңғы жаңалықтар