Ақмола облысында өрт салдарынан бір адам көз жұмды

None
None
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Кеше Аршалы ауданының Жібек жолы ауылындағы уақытша баспаналардың бірі өртке оранды, деп хабарлады аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен.

ТЖД мәліметі бойынша өрт таңғы 06:50 шамасында орын алған. Тілсіз жауды ауыздықтауға Аймақтық ТЖД жеке құрамынан 12 адам және өрт сөндіру қызметінің 3 техникасы жұмылдырылды. Оқиға орнынан 1957 жылы туған азамат Х.Мұқановтың мүрдесі табылған.

Соңғы жаңалықтар