Ақмола облысында Мемлекеттік рәміздер күні онлайн режимде тойланды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында Мемлекеттік рәміздер күніне арналған шара онлайн-режимде өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Мемлекеттік рәміздер күніне арналған кең ауқымды шаралар биыл ерекше форматта өтті. Мүмкіндіктердің болмауына қарамастан облыс тұрғындары өздеріне мерекелік көңіл-күй сыйлай алды.

Соның ішінде Мәлік Ғабдуллин атындағы мұржай ұжымы Мемлекеттік рәміздер күнін кеңінен атап өтті. Музей қызметкерлері әнұранның авторы Ж.Нәжімеденовтың жерлестері - Атырау облысындағы әріптестерінен челлендж қабылдап алып, ұжым болып қосылып әнұранды шырқады.

Ал, Ш.Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театры өз көрермендері үшін жергілікті «Көкше» телеарнасымен қосылып челлендж өткізді.

Өңірдің мәдениет мекемелерінде «Мемлекеттік рәміздер» онлайн шолуы, «Ел рәміздері – ел рухы» онлайн әңгіме және кітап көрмесі ұйымдастырылды. «Ұлы даланың ұлы құндылықтары» атты көрмеде мемлекеттік рәміздердің тарихы таныстырылды.

«Мәдениет мекемелері өткізіп отырған шара мемлекеттік рәміздердің тарихи мен мәні туралы білімімізді жетілдіріп қана қоймай, сонымен бірге, елдің тарихи туралы дүниетанымды кеңейтіп, жас ұрпақтың азаматтық кемелдігін қалыптастырады», - деп атап өтті әдебиет және өнер мұржайының директоры Нұрбек Нұралин.

Ведомстводан атап өткендей, облыс аумағында әртүрлі форматта мыңнан астам шара ұйымдастырылды.


Соңғы жаңалықтар