+7 (701) 759 90 19
USD 419.45 EUR 504.64
RUB 5.68 CNY 64.88
Jańalyqtar

Ақмола облысында мемқызмет көрсету сапасына қатысты шағым азайған

2021 жылғы 17 қаңтар 04:37
Бөлісіңіз:
Ақмола облысында мемқызмет көрсету сапасына қатысты шағым азайған

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты шағым азайған. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, департамент тарапынан азаматтардың өтініштерін сапалы және уақтылы қарауға ерекше ден қойылып келеді. Бүгінгі таңда облыста мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қатысты шағымдар саны төмендеген. Мысалы, 2019 жылы азаматтардың өтініштері негізінде 40 тексеріс жүргізілсе, 2020 жылы осы көрсеткіш бар болғаны 20-ны құраған.

«Әрине, мұндай құбылыстың туындауына карантин жағдайы да әсер етті, дегенмен тұрғындарымыз өздерінің құқықтарын қорғау үшін өтініштерді мемлекеттік органның кеңсесі арқылы тапсырудан гөрі «Электрондық үкімет» веб-порталының электрондық өтініштер сервисін пайдалануда дағдыларын танытты» - дейді Департаменттің мемлекеттік қызметтерді көрсету басқармасының бас маманы Нұрсұлтан Шытырымбек.

Портал арқылы өтініш тапсыру азаматқа оның өзінің жеке кабинеті арқылы қарау мерзімдерін бақылауға, өтініш орындаушысы туралы мәліметтерге үйден шықпай-ақ қол жеткізуге мүмкіндіктер береді. Атап айтқанда, 2020 жылы мемлекеттік қызмет сапасына қатысты Департаментке келіп түскен 38 өтініштің 27 электрондық нысанда түскен. Бұл 71 пайызды құрайды. Яғни, бұл көрсеткіш азаматтарымыздың цифрлық дағдыларымен қатар құқықтық сауаттылығы өте жоғары екендігін куәландырады.

«Департамент қызмет көрсету саласындағы құқық бұзушылықтардың салдарын жоюдан бұрын, олардың алдын алуға ден қояды. Өткен жылы осы саладағы заңнаманы түсіндіру бойынша 332 іс-шара ұйымдастырылды. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылу фактілері едәуір төмендеп, тәртіптік жауапкершілікке тартылған тұлғалардың саны азайды» - деп толықтырды Нұрсұлтан Шытырымбек.

Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру үздіксіз жетілдіру бойынша жұмыс одар әрі жалғасуда.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT