Ақмола облысында мазут тасымалдайтын көлік аударылып, отқа оранды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының Жақсы ауданы аумағында мазут толы жүк көлігі аударылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аумақтық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, жол апаты бүгін сағат 14:57 кезінде «Алматы-Екатеринбор» тасжолының 924-шақырымында, Жақсы кентінен 12 шақырым жерде орын алған.

Сыйымдылығы 40 текше метрлік HOWO көлігі техникалық ақауларға байланысты жолдың шетіндегі жыраға аударылған. Салдарынан көліктен мазут ағып, өрт шыққан.

Өрт 100 шаршы метр аумақты шарпыды.

«Оқиға орнына ТЖД жеке құрамынан 13 қызметкер және 3 арнайы техника, «Жақсы су арнасы» коммуналдық кәсіпорнының өрт сөндіру құрылымы жұмылдырылды. Сағат 16:36 тілсіз жау ауыздықталып, 16:50 өшірілді. Зардап шеккендер жоқ» деп түсіндірді ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар