+7 (701) 759 90 19
USD 376.42 EUR 417.41
RUB 6.09 CNY 54.54
Jańalyqtar

Ақмола облысында мал ұрлығымен айналысқан 6 қылмыстық топ ұсталды

2019 жылғы 6 қараша 04:34
Бөлісіңіз:
Ақмола облысында мал ұрлығымен айналысқан 6 қылмыстық топ ұсталды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында ірі көлемде мал ұрлығымен айналысқан 6 қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде бір отар қой ұрлап, сойып алған топ ұсталды Қазалыда мал ұрлаған әйелдер қолға түсті Алматы облысының аумағында мал және ет өнімдерін тасымалдауға бақылау күшейтілді

Ведомствоның мәліметінше, барымташылар Астрахан, Бурабай, Ерейментау, Жақсы, Зеренді және Целиноград аудандары аумағында жалпы құны 54 миллионнан астам теңге болатын мал ұрлаған. Төрт түлікті қолды ету фактілеріне қатысты 32 қылмыстың беті ашылды.

«ҚР ІІМ мал ұрлығымен күресудің тиімділігін арттыру үшін қатаң шараларды қолдануда. Өңірлерде жергілікті атқарушы органдармен, қоғамдық құрылымдармен және тұрғындармен тығыз байланысты орнату арқылы ұрлықпен күресу бағытында 2019-2020 арналған ведомствоаралық бағдарлама жүзеге асырылуда», - дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Мәселен, 2019 жылдың 30 қазаны мен 1 қарашасы аралығында Зеренді ауданы аумағында 124 автокөлік тексеріліп, еш құжатсыз мал және ет өнімдерін тасымалдауға қатысты 6 оқиға анықталды.

Осыған байланысты ҚР ӘҚбК 460-бабының 2-бөлігі 2-тармағы бойынша 6 әкімшілік хаттама толтырылды. Оның ішінде мал ұрлығына қатысты бұрын жасалған 1 ауыр қылмыс ашылды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT