Ақмола облысында құрама жем зауыты салынып жатыр

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының Есіл ауданында «Рау Агро» ЖШС құрама жем зауыты мен астық қоймасының құрылысының құрылысы аяқталуға жақын. Нысанды желтоқсан айының соңында тапсыру жоспарланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Жобаның құны 648 миллион теңгені құрайды. Нысанның жылдық қуаты 2,5 мың тонна өнімді құрайды.

«Зауыт құрылысы өткен жылдың ақпан айында Есіл қаласында қолға алынды. Құрылыс жұмыстары барысында әкімшілік ғимарат, астық құятын шұңқыр, екі қойма салынды. Зауытта жоғары сұрыпты малы азығы шығарылады. Мал азығы түйіршік және құм тәрізде шығарылады, құрамында ақуыз-дәрумен-минералды қоспасы болады», - деп атап өтті аудан әкімдігіндегілер.

Қазіргі кезде, зауытта он жұмыс орны құрылып отыр. Замануи зауыт компьютер арқылы басқарылады, жоғары тиімді қондырғы орнатылған, астық кептіргіш, элеватор, шикізат пен дайын өнім қоймасы бар.

Айта кетсек, аталмыш жоба Индустрияландыру картасына енген және «Агробизнес-2020» жобасы арқылы жүзеге асырылуда.


Соңғы жаңалықтар