Ақмола облысында көлік қозғалысы шектелді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақмола облысының күре жолдарында ауа райының қолайсыздығына байланысты көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram арнасына сілтеме жасап.

4 наурыз күні сағат 07.00-де Ақмола облысында ауа райының нашарлауы (жел, бұрқасын, жолдың көрінбеуі) «Нұр-Сұлтан – Петропавл» тас жолының 18-231 шақырымы, Нұр-Сұлтан – Щучинск тас жолының учаскесінде (учаске «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ақылы автомобиль жолдары дирекциясына жатқызылады) көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды.

Соңғы жаңалықтар