Ақмола облысында көктайғаққа байланысты жолдар жабылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында көктайғаққа байланысты автомобиль жолдарында көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, ақпанның 26-да сағат 20:45-те Ақмола облысында ауа райының күрт нашарлауына (жаңбыр, көктайғақ, жел) байланысты республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 18 учаскесінде және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының 53 учаскесінде автокөліктердің барлық түрі үшін жол қоғалысына шектеу қойылды.

Соңғы жаңалықтар