+7 (701) 759 90 19
USD 423.87 EUR 505.25
RUB 5.59 CNY 64.43
Jańalyqtar

Ақмола облысында келіні енесінің атына жасырын несие рәсімдеген

2020 жылғы 27 қазан 09:24
Бөлісіңіз:
Ақмола облысында келіні енесінің атына жасырын несие рәсімдеген

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында енесінің атына жасырын несие рәсімдеген келіншектің үстінен алаяқтық бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қостанайлық полицейлер жалғыз адамды жабылып ұрған он бұзақыны ұстады Жамбылда заңсыз сақталған 86 бірлік атыс қаруы тәркіленді БҚО-да алаяқ жұмысқа орналастырамын деп 35 тұрғынды алдап кеткен

Ведомствоның мәліметінше, алаяқтық қылмыс Зеренді ауданында тіркелген. Бұл туралы қазанның 5-інде аудандық ПБ кезекшілік бөліміне 53 жастағы әйел хабарласып айтқан. Зардап шегушінің сөзінше, биылғы жылғы мамырдың 29-да белгісіз біреулер оның үстінен 75 мың теңге көлемінде онлайн несие рәсімдеген. Осының салдарынан оның мүлкі тұтқындалып, есеп-шоттары бұғатталған. Сол себепті, ол полицияға арызданған.

«Осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 190 бабының 1 бөлігі (алаяқтық) бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деді ведомстводан.

Тергеу амалдары барысында полиция қызметкерлері күдікті ретінде Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны, 20 жастағы әйелді анықтады. Ол зардап шеккеннің келіні болып шықты. Мамыр айында ол күйеуінің туыстарына қонаққа келген. Оған шұғыл ақша қажет болған соң енесінің атынан жасырын онлайн несие рәсімдеген. Кейін ол қарызы барын ұмытқан, іс насырға шабады деп ойламаған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT