+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Ақмола облысында Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына арналған конференция өтті

2021 жылғы 15 қыркүйек 21:11
Бөлісіңіз:
Ақмола облысында Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына арналған конференция өтті

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы шеңберінде Ақмола облысында Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына арналған «Қазақты әлемге танытқан Қажымұқан» тақырыбымен халықаралық ғылыми-практикалық онлайн конференция өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Германияда Абай Құнанбайұлына ескерткіш ашылды Көкшетауда коронавируспен ауырғандардың 99 пайызы вакцина алмағандар Ақмола облысында орманда жоғалған ерлі-зайыптылар іздестірілуде

Конференцияда Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Нариман Әбдрахманов құттықтау сөз сөйледі.

«Ел Тәуелсіздігінің мерейтойлық жылында біз ұлы жерлесіміз, аты аңызға айналған қазақ балуаны Қажымұқанның 150 жылдығын атап өтудеміз. Күш атасы өзін ғана емес, өз халқын да халықаралық аренада дәріптеді. Ол әлемнің 54 елінде өткен жарыстарға қатысып, 48 медаль жеңіп алды. Атақты балуанның бұл жетістіктері еліміздегі спорттың дамуына, салауатты өмір салтын насихаттауға және жастарды спортпен шұғылдануға тартуға әсер еткені сөзсіз», - деп атап өтті ол.

Қажымұқан Мұңайтпасовтың өмірі мен қызметінің ұлттық спорт пен мәдениетті дамытуға әсері, оның қазақ күрес мектебінің қалыптасуына қосқан үлесі туралы ғалымдар, қоғам қайраткерлері, Түркия, Қытай, Моңғолия, Қазақстан спортшылары, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының, «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы өкілдері баяндама жасады.

Облыста атақты балуанның мерейтойына орай бірқатар іс-шаралар өткізілді. Сәуір айында Целиноград ауданы Қажымұқан ауылында «Жаһандық күш иесі-Қажымұқан»атты онлайн -конференция өтті. Іс-шара аясында «Әлемді білегінде ойнатқан балуан» көрмесі ұйымдастырылды, онда Түркістан облысындағы аттас спорт мұражайынан жеткізілген балуанның жеке заттары ұсынылды, сондай-ақ Ақмола облысы балуандарының қатысуымен спорттық қойылым өтті.

Өңірде даңқты жерлесіміздің есімі 12 көшеге, елді мекенге, сондай-ақ 700-ден астам бала білім алатын №3 олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебіне берілді. Целиноград ауданы мен Степногорде балуан ескерткіштері, аттас ауылда мемориалдық тақта орнатылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT