15:25, 18 Ақпан 2021 | GMT +6
Ақмола облысында қатты жел мәдениет үйінің шатырын жұлып әкетті
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында қатты жел Жақсы аудандық мәдениет үйінің шатырын жұлып әкетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, 18ақпанда сағат 13:48 шамасында жылдамдығы секундтына 23-
«Ғимарат 1968 жылы салынған. Шатырға 2014 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Құтқарушылар төтенше жағдайларды болдырмау үшін облыс тұрғындары мен қонақтарына үйден шықпауға кеңес береді», - деді ведомстводан.
Оқиғадан зардап шеккендер жоқ.
Еске сала кетейік, Ақмола облысында ауа райына байланысты бірқатар жолдар жабылған болатын.