Ақмола облысында қатты дауыл салдарынан 1 адам мерт болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарт - Ақмола облысында қатты дауыл салдарынан 1 адам мерт болды. Бұл жайында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«7 сәуірде Ақмола облысына қарасты Бурабай ауданының Ұрымқай ауылында секундына 28 метр жылдамдықпен соққан қатты жел салдарынан машина сарайының шатыры жұлынып кетті. Соның салдарынан 1980 жылы дүниеге келген күзетші жарақат алып, оқиға орнында қаза тапты. Шатырдың аумағы мен салу үлгісі анықталып жатыр», - деп атап өтеді ведомстводан.

Осыған орай Төтенше жағдайлар комитеті өңір тұрғындарына ауа райының өзгерістерін жіті қадағалап, қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді.Еске салсақ, Көкшетауда қатты желден төрт үйдің шатыры жұлынып, 10 аялдама зақымданғаны туралы хабарлаған болатынбыз.
Соңғы жаңалықтар