11:35, 28 Қазан 2020 | GMT +6
Ақмола облысында кәсіпорын кеңсесін тонамақ болған күдіктілер ұсталды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының Егіндікөл ауданында «АСКОП» ЖШС-нің кеңсесінен ақша тонамақ болған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, күдіктілер қазанның 27-де «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы кезінде қолға түсті.
«Жәкібаев көшесінің бойында орналасқан «Аскоп» ЖШС-нің кеңсесін тонау кезінде бұрын сотты болған екі күдікті ұсталды. Күдіктілер уақытша ұстау оқшаулағышына қамалып, үстерінен Қылмыстық кодекстің 188 бабының 4 бөлігі 3 бөлімшесі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деді ведомстводан.
Аталмыш санкция бойынша күдіктілер 5-тен 10 жылға дейін мерзімге сотталуы мүмкін.