Ақмола облысында кәсіби шеберлегімен көзге түскен құтқарушылар марапатталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Ақмола облысында өрт және өзге де төтенше жағдайлар кезінде адамдарды құтқарып ерлігімен және қызметте кәсіби шеберлегімен көзге түскен бір топ құтқарушылар түрлі деңгейдегі наградалармен марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, облыстық ТЖД бір топ қызметкері басшылық құрамнан арнайы атаққа ие болды. Олардың арасында Ақмола облыстық ТЖД өрт сөндіру және апатты-құтқару жұмыстары қызметі №23 өрт сөндіру бөлімінің басшысы Сапар Қизақовке «азаматтық қорғау полковнигі» атағы берілсе, Жақсы ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Манат Бегалин «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалімен марапатталды.

Сонымен бірге, Ақмола облыстық ТЖД өрт сөндіру және апатты-құтқару жұмыстары қызметі №23 өрт сөндіру бөлімінің командирі Ермек Ысқақов және ТЖД өрт сөндіру және апатты-құтқару жұмыстары қызметінің бас құтқарушысы Александр Попов ҚР ТЖМ грамотасына, Ақмола облыстық ТЖД өрт сөндіру және апатты-құтқару жұмыстары қызметі №7 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі, азаматтық қорғау старшинасы Владимир Хныков Төтенше жағдайлар министрінің Алғыс хатына ие болды.

ТЖД жеке құрамын Ақмола облыстық ТЖД бастығы Алексей Советов құттықтады.

«ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әлеуметтік-экономикалық, саяси дамуы қарқынды, теңдесіз мемлекет моделін құрған бүгінгі заманның даңқты мемлекет және саяси қайраткері. Елбасының есімі әлемдік деңгейдегі саясаткер ретінде тарихтан орын алады. Ол еліміздің дамуы мен тұрақтылығын қамтамасыз ете алды. Біздің бүгінгі мақсатымыз осы бейбітшілікті сақтап, азаматтарымыздың тыныштығын сақтау», - деп атап өтті Алексей Советов.


Соңғы жаңалықтар