Ақмола облысында қар құрсауында қалған 67 адам құтқарылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бір тәуліктің ішінде Ақмола облысында жолда қар құрсауында қалған 67 адам (оның ішінде 7 бала) эвакуацияланды, деп ҚазАқпарат тілшісі облыстың ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, ақтүтек боран және екпінді желге байланысты, ақпанның 18-19 аралығында Ақмола облысы аумағында ауа райы күрт бұзылып, республикалық және облыстық маңызы бар жолдардың барлық учаскелерінде көлік қозғалысына шектеу қойылды. Соған қарамастан, облыс тұрғындары боранды күні жолға шығып, қар құрсауында қалды. Құтқарушылар жергілікті атқарушы органдармен және полициямен бірлесіп адамдарды эвакуациялау және құтқару жұмыстарын жүргізді.


«Негізгі авариялық-құтқару жұмыстары Бурабай ауданында Щучье қаласының маңында жүргізілді, онда адамдар жылыту пункттеріне эвакуацияланды. Жақсы ауданында Подгорное ауылынан жүкті әйелді эвакуациялау жүргізілді, ол аудандық ауруханаға жеткізілді. Сонымен қатар, «Щучье-Көкшетау» тас жолында қарға батып қалған 65 жеңіл автокөлік сүйреп шығарылды», - деп хабарлады Ақмола облысы ТЖД бастығының орынбасары Қанат Доспаев.

Осы ретте, құтқарушылар облыс тұрғындарына «112» арнайы желісі арқылы ескерту келгенде кезде елді мекендерден тыс жерлерге шықпауды, сондай-ақ автожолдарда көлік құралдарының кептелісін болдырмауды сұрайды.


Соңғы жаңалықтар