Ақмола облысында іздеуде жүрген 80-ге жуық қылмыскер ұсталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері Ақмола облысында іздеуде жүрген 75-тен астам қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Полицияның іздеуінде жүрген қылмыскерлердің көбі ауыр және орта ауыр қылмыс жасағандар. Оларға жасаған қылмысының деңгейіне сай тиісті жаза қолданылады. Оларды ұстап, тергеу органдары мен сотқа жеткізілгенімен кейбіріне ешқайда кетпеу туралы қолхат шарасы қолданылады. Ал олардың кейбірі қашып, үстінен қайтара іздеу жарияланады» - дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, жақында тәртіп сақшылары бір тәуліктің ішінде үш қылмыскерді ұстады. Оның ішінде 2015 жылы алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген 49 жастағы әйел Көкшетауда ұсталды. Сол күні Зеренді аудандық ПБ ҚР ҚК 188-бабы (ұрлық) бойынша іздеуде жүрген 40 жастағы қылмыскер Қостанай қаласында қолға түсті.

Сонымен қатар, мас күйінде көлік жүргізген үшін Целиноград ауданының тәртіп сақшылары іздеп жүрген 26 жастағы қылмыскер Нұр-Сұлтан қаласында ұсталды.

Соңғы жаңалықтар