Ақмола облысында із-түзсіз жоғалған 32 жастағы әйелге іздеу жарияланды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында із-түзсіз жоғалған 32 жастағы әйелге іздеу жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, биылғы жылғы 27 қазан кешкі сағат 19:49-да Біржан сал ауданының ПБ кезекші бөліміне Үлгі ауылының 35 жастағы тұрғыны хабарласып, 1989 жылы туған әйелі Динара Жеңісқызы Рахимованы іздеп табуға көмек сұраған.

Ер адамның сөзінше, әйелі 27 қазан күні сағат 16:20 үйінен шығып кеткен, содан бері хабарсыз.

«Бұл жағдай сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Іздестіру жұмысына Біржан сал және Бурабай аудандарындағы полиция бөлімдерінің жеке құрамы, жұртшылық және оларға берілген күш жұмылдырылды. Полицейлер сарай ғимаратын, шаруашылық құрылыстарын, қараусыз қалған ғимараттар мен құрылыстарды сүзіп шықты. Бейнебақылау камерасының жазбаларын зерттей келе, Д.Рахимова сағат 16:20 шамасында «Степняк-Щучье» автожолына шығып, жол бойымен Щучье қаласына қарай бет алғаны анықталды. Қазіргі уақытта жоғалған адамның жүрген жерін анықтау үшін жедел-іздестіру шаралары жүріп жатыр», - деді ведомстводан.

Жоғалған адамның белгілері: бойы 165-170 см, дене бітімі мығым, шашының ұзындығы орташа, қара түсті, көздері қара, тік мұрынды, ерні жұқалау келген, құлақтары жабысқан.

Үстіне ақ түймелері бар көк түсті күртеше, сұр түсті әйелдер қалпақшасы, «R» әрпі және ақ жолағы бар қара түсті рюкзак, ақ табаны бар қара түсті спорттық кебіс, қара түсті трико киген.

Динара Рахимованы көрген адамдар болса, дереу 8(716-39) 2-10-02, 2-17-38, 2-15-33 немесе «102» телефондары арқылы хабарласуға болады.


Соңғы жаңалықтар