+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Ақмола облысында хабар-ошарсыз кеткен ер адам іздестірілуде

2021 жылғы 2 шілде 15:28
Бөлісіңіз:
Ақмола облысында хабар-ошарсыз кеткен ер адам іздестірілуде

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында хабар-ошарсыз кеткен 61 жастағы ер адам іздестірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Көкшетауда тұрғын үйлерге жылу қыркүйектің 25-нен бастап берілетін болды Ақмола облысында «Таза жағалау» экологиялық акциясы өтуде Ақмола облысында жылыту маусымы 20 қыркүйектен басталады

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы жылғы 30 маусымда Көкшетау қалалық полиция басқармасының кезекшілік бөліміне 31 жастағы қала тұрғыны хабарласып, 1960 жылы туған әкесі Болатбек Қорғанбекұлы Батталовты іздеп табуға көмек сұраған.

Ұлының айтуынша, әкесінің бойы 165-170 см, дене бітімі орташа, шашы қысқа, көзі қоңыр, мұртты. Үстіне қара трико, сұр жиде, сұр қалпақ, аяғына қара түсті аяқ киім киген. Ер адам ұмытшақ ауыруымен ауырады.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жоғалған адамның орналасқан жерін анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шараларын жүргізуде. Полиция қызметкерлері кез келген жоғалған ер адамға қатысты қандай да бір мәліметі бар адамдарға «102» арнайы желісіне қоңырау шалуды сұрайды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT