Ақмола облысында ер адам оқ жарақатын алды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында екі таныс жігіттің кездесуі бірінің өлімімен аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, қылмыс Степногорск қаласында болды. 29 жастағы ер адам 28 жастағы танысының үйіне қонаққа келген. Артынша, оның бірі оқ тиіп, ауруханаға түскен.

«Екеуара арақ ішкен ер адамдар сөзге келіп қалған. Сол кезде үй иесі мылтық алып, қонағына оқ атқан. Жедел-тергеу тобы анықтағандай, қаскөй Степногор қаласының бұрын бірнеше рет сотты болған 28 жастағы тұрғыны», - дейді ведомстводан.

Зардап шеккен ер адам Нұр-Сұлтан қаласындағы Травматология және ортопедия ғылыми- зерттеу институтының жансақтау бөліміне жатқызылды.

«Осыған байланысты күдіктінің үстінен «Адам өлтіруге оқталу» бабы бойынша сотқа дейінгі іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды. Одан тегіс ұңғымалы аңшы мылтығы тәркіленіп, сараптамаға жіберілді», - деп толықтырды ПД-дан.

Соңғы жаңалықтар