+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Ақмола облысында екі көлік соқтығысып, 3 адам зардап шекті

2020 жылғы 6 тамыз 12:50
Бөлісіңіз:
Ақмола облысында екі көлік соқтығысып, 3 адам зардап шекті

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында екі көлік соқтығысып, үш адам зардап шекті. Оның бірі 7 жасар ұл бала, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде жүк көлігі 5 жасар баланы қағып кетті Өскеменде көпқабатты үйден өрт шығып, 30 адам эвакуацияланды Шығыс Қазақстанда бір жарым айда 800 тонна пішен өртеніп кетті

Ведомствоның мәліметінше, тамыздың 4-де Зеренді аудандық ПБ кезекшілік бөліміне «Көкшетау-Омбы» тас жолында жол-көлік оқиғасы болғандығы туралы ақпарат түсті.

«Тәртіп сақшылары анықтағандай, аталмыш жолдың 21 шақырымында 67 жастағы ер адам басқарған «Лада Приора» көлігі Солтүстік Қазақстан облысының 59 жастағы тұрғыны отырған тап осындай маркадағы көлікпен соқтығысты. Жол апатынан Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасына екі көліктің жүргізушісі мен 7 жастағы ұл бала түрлі дене жарақатымен жеткізілді», - дейді ведомстводан.

Баспасөз қызметінен белгілі болғандай, қазіргі кезде жол-көлік оқиғасына байланысты ҚР ҚК 345 бабының 2 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кетейік, аталмыш жол апаты туралы бейнежазба әлеуметтік желілерде жарияланған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT