Ақмола облысында бюджет қаражатын жымқырған басқарма басшысы сотталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы мен орынбасары бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Ақмола облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Ақмола облысы бойынша ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ-нің басшысы А.К.Сағынбаев пен оның орынбасары Г.А.Әбдірахмановаға қатысты бюджет қаражатын ысырап ету арқылы жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

2020 жылдың қаңтарында Көкшетау қалалық сотының үкімімен А.К.Сағынбаев пен Г.А.Әбдірахманова бюджет қаражатын ұрлады деп айыпталып, әрқайсысына 2 147 450 теңге сомасында айыппұл салынды және және мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан айырды.



Соңғы жаңалықтар