Ақмола облысында «Бурабай-2019» желкенді регаты өтеді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бурабай курортында тәжірибелі және жас яхташылардың қатысуымен «Бурабай-2019» желкенді регаты өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облысының «Visit Aqmola» туристік-ақпарат орталығына сілтеме жасап.

«Ағымдағы жылдың 19-21 шілде күндеріне жоспарланып отырған шара Щучье көлінің жағасында «Four seasons» жобасын жүзеге асыру шеңберінде «BurabayMarineClub» яхт клубының ұйымдастыруымен өтеді. Желкенді регат жарысына еліміздегі және Ресейдің жақын облыстарынан келетін 20-дан астам тәжірибелі және жас яхташылар қатысып, «микро» және «желкенді катамаран» класынан күш сынасады»,- делінген орталық хабарламасында.

Ведомствоның мәліметінше, жарыс жеңімпаздары өңірдің киелі орындарына саяхаттай алады. Сондай-ақ, бард әндері шеңберінде мәдени шаралар қарастырылып отыр.

Айта кетейік, өткен жылы ұйымдастырылған Желкенді регат жарысына Қазақстан мен Ресейден келген 20-дан астам тәжірибелі және жас яхташы қатысқан.

null

Соңғы жаңалықтар