Ақмола облысында боранда адасқан екі балықшы құтқарылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Боранда Ақмола облысының Үлкен Шабақты көлінде адасып қалған балықшылар құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, құтқарушылар екі балықшыны «Трэкол» автокөлігімен Ақылбай ауылындағы туыстарының үйіне эвакуациялады. Балықшыларға медициналық және психологиялық көмек қажет болған жоқ.

«Досымыз екеуіміз кеше түстен кейін балық аулауға шықтық. Бүгін таңғы сағат 9 шамасында адасып қалдық. Алдымен өзіміз шығуға тырыстық, кейін көлігіміз істен шығып, «112» желісі арқылы қоңырау шалып, көмек сұрадық», - дейді көкшетаулық балықшы Анатолий Демкин.

Ақмола облыстық ТЖД қызметкерлері өңір тұрғындары мен қонақтарына ауа райының нашарлауына байланысты елді мекендерден тыс жерлерге шықпауға кеңес береді.


Соңғы жаңалықтар