Ақмола облысында бизнес пен инвестициялар жемқорлықтан қорғалады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында «Бизнес пен инвестицияларды қорғау» жобасы аясында «Anticor ortalyǵy» сервистік ғимаратының алаңында сыбайлас жемқорлықтан қорғау туралы 10 инвестормен келісімге қол қойылды.

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Шара барысында бизнес өкілдері кәсіпкерлерге көрсетілген сенім мен өзара ынтымақтастығы үшін Ақмола облысының Сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметіне алғысын білдірді. Өз кезегінде аумақтық департамент басшысы Мұрат Төлеубаев шенеуніктер тарапынан қандай да бір заңсыз әрекеттер немесе қысым жасалған жағдайда бизнесмендер өздерінің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін кез келген уақытта сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметіне хабарласа алатынын атап өтті.

«Өз кезегінде, бизнестің әрбір өкілі үшін өз ісін адал және парасатты жүргізу норма болуы тиіс», - деді Мұрат Төлеубаев.


Бүгінгі таңда жоба аясында Ақмола облысында 39 кәсіпорын 1,2 триллион теңгеден астам сомаға сыбайлас жемқорлықтан қорғау шараларымен қамтылған.

Кездесу барысында Зеренді ауданының «Жақсылык Агро», ЖШС, «Берекет 2050» ЖШС, Бурабай ауданының «Арман Тай СК», ЖШС, «Алтын күн-Qaz» ЖШС, Целиноград ауданының «Murtuk 2017» ЖШС, Степногорск қаласының «Biotron Group» ЖШС, «Astana Nan Chemicals» сияқты кәсіпорындар әкімшілік кедергілердің алдын алу және қолайлы іскерлік климат құрудан үмітті екенін жеткізді.

Сондай-ақ, Департамент әртүрлі мәселелер бойынша кәсіпкерлердің өтініштерін тұрақты негізде қарап, құқықтық көмек көрсетеді. «Protecting Business and Investments» жобасын іске асыру сәтінен бастап 41 өтініш келіп түсті, оның 18-і кәсіпкерлердің пайдасына шешілді, 23 өтініш бойынша тиісті түсініктемелер берілді.


Соңғы жаңалықтар