Ақмола облысында бірқатар тағайындау болды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы Степногор қаласы мен Есіл ауданына жаңа әкімдер тағайындалды. Бұл туралы аймақ басшысы Ермек Маржықпаев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жұмыс сапарымен Степногорск қаласында болып, алдымен аудан активіне қатысып, Қазақстан Республикасының Президенті Əкімшілігінің келісіміне негізінде және қалалық мəслихат депутаттарының толық қолдауымен аудан əкімі лауазымына бұған дейін Ақкөл ауданының əкімі болып қызмет атқарған Алпысбай Қайыржановты актив мүшелеріне таныстырдым»,-делінген аймақ басшысының жазбасында.

Алпысбай Қуандықұлы 1983 жылы туған, Ақмола облысы Шортанды ауданының тумасы. М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын бітірген.

2006-2009 жылдары жеке меншік секторда істеді.

2009-2010 жылдары - Шортанды ауданы Шортанды кенті әкімінің орынбасары, кейін әкімі.

2010-2014 жылдары Шортанды ауданы ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы лауазымын атқарды.

2019 жылдың сәуірінен бастап, бүгінгі күнге дейін Ақкөл ауданының әкімі қызметінде болды.

Осы тағайындауға дейін Шортанды ауданы әкімінің орынбасары болып істеді.

Сонымен бірге, Есіл ауданына жаңа әкім тағайындалды. Мұнда осыған дейін Степногор қаласында әкім болған Еркебұлан Баяхметов барды.


Соңғы жаңалықтар