Ақмола облысында бір күннің ішінде 40 астам келімсек ұсталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында полицейлермен қолға алынған «Мигрант» алдын алу шарасы барысында 40 астам шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

ІІД мәліметі бойынша, «Мигрант» алдын алу шарасына 500-ден астам полиция қызметкері тартылып, 100-ге жуық мобилдік топ құрылды.

Бір тәуліктің ішінде тәртіп сақшылары ауыл шаруашылығы кәсіпорындарынан бастап, тұрғын үйлер, саяжай, жатахана, базар және құрылыс алаңдары сияқты 730 жуық нысанға тексеріс жүргізді. Нәтижесінде, Қазақстан Республикасына келу ережесін бұзғаны үшін 42 келімсек әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сырттан шақырылған шетелдіктердің ел аумағына келудегі белгіленген ережені бұзғаны үшін ҚР 9 азаматына қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар, полицейлермен облыс орталығы және Бұланды ауданында жасырынып жүрген 3 қарызгердің мекенжайы анықталды.

Еске сала кетсек, «Мигрант» арнайы іс-шарасы сәуірдің 23-нен бастау алып, 25-не дейін жалғасатын болады.

Соңғы жаңалықтар