Ақмола облысында автокөлік қозғалысы шектелді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 18.15-тен бастап ауа-райының қолайсыздығына (жел, қар, бұрқасын, көру мүмкіншілігінің шектелуі) байланысты 5 тасжолда автокөліктердің барлық түрлерінің қозғалысына тиым салынды, деп хабарлайды Казавтодор.

4-184 шақырымдық Көкшетау-Атбасар тасжолы, яғни Көкшетау қаласынан Атбасар қаласына дейінгі аралық, 0-82 шақырымдық Жақсы-Есіл-Бұзылық тасжолы; 232-260 шақырымдық Қостанай-Әулиекөл-Сұрған тасжолы, яғни Қостанай облысының шекарасынан Сұрған елді мекеніне дейінгі аралық, 377-595 шақырымдық Жезқазған-Петропавл тасжолы, яғни Қостанай облысының шекарасынан СҚО шекарасына дейінгі аралық, 856-916 шақырымдық Екатеринбург-Алматы, Жақсы елді мекенінен СҚО шекарасына дейінгі аралық, 18-231 шақырымдық «Астана-Петропавловск» тасжолы, яғни Щучинск қаласына дейінгі аралықта жол жабық.

Соңғы жаңалықтар