Ақмола облысында ауыл мектебін жөндеуге 216 миллион теңге жұмсалды

Фото: None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Есіл ауданындағы Курск орта мектебіне 216 миллион теңге қаржыға күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, күрделі жөндеу жұмыстарын мердігер «SCS Инжиниринг» ЖШС қолға алып, мерзімінде аяқтады.

Биыл мектеп 47-ші рет оқушыларын қарсы алып отыр. Бірінші сыныпқа 7 бала қабылданды.

Жалпы, аудан бойынша биыл 329 бала мектеп табалдырығын атады.

Директордың міндетін атқарушы Светлана Гузенко ата-аналарды, оқушыларды және педагогикалық ұжымды көптен күткен қуанышымен құттықтады.

«Жаңа оқу жылы бәріміз үшін маңызды оқиғадан, мектебімізді күрделі жөндеуден басталды. Оқушылар мен мұғалімдерге жаңа оқу жылы барлығына жемісті және білім мен жетістіктерге бай болсын деп тілеймін. Бәріміз қатты уайымдадық, бірақ білім күніне үлгердік. Мұғалімдер де, ата-аналар да дән риза», – деді Светлана Юрьевна.

Айта кетсек, оқу жылы қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес өтуде. Барлық мектептер балалар арасында вирустың таралуын болдырмау үшін қауіпсіздік шараларын ұстанады.

Есіл ауданының білім бөлімінің мәліметінше, мұғалімдердің 86 пайыздан астамы коронавирусқа қарсы вакцина алған.


Соңғы жаңалықтар