Ақмола облысында ауа райына байланысты бірқатар жолдар жабылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында ауа райына байланысты республикалық маңыздағы бірқатар жолдар жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты (қар, боран) 18 ақпан сағат 10:45-тен бастап республикалық маңызы бар автожол учаскелерінде көліктің барлық түріне қозғалыс жабылды.

Атап айтқанда, «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолының 232-260 шақырымында, Қостанай облысы шекарасынан Шұрған кентіне дейінгі аратықта көлік жүруіне тыйым салынған.

Бүгін сағат 12:30 кезінде «Нұр-Сұлтан-Петропавл» республикалық маңызы бар тасжолы 18-231 шақырымы, Нұр-Сұлтан қаласынан Щучье қаласына дейінгі аралық жабылды.

«Сонымен қатар «Жезқазған-Петропавл» автожолының 377-595 шақырымы (Сурганова - Бұзылық кенті аралығы), «Жақсы-Есіл-Бұзылық» автожолының 63-82 шақырымы (Жақсы- ауылынан Бұзылық кентіне дейін) жабық тұр» деді ведомстводан.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбе облысында жолдар жабылғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар