+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Ақмола облысында «Ashyq» жүйесінде жоқ нысандардың жұмысына тыйым салынды

2021 жылғы 2 шілде 22:03
Бөлісіңіз:
Ақмола облысында «Ashyq» жүйесінде жоқ нысандардың жұмысына тыйым салынды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - «Ақмола облысы аумағында карантиндік шектеу шараларын қатаңдату туралы» Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 30 маусымдағы №24 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ведомствоның баспсөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау облысында инфекциялық стационарлардағы науқастар 4 есеге азайды Степногорда ер адам дәмханада асқа шашалып көз жұмды Жаңа қаулы: Павлодарда ғимараттарды корпоративтік шара үшін жалға алуға тыйым салынды

Қаулыға сәйкес, азық-түлік супермаркеттері мен олардағы дәріханаларды қоспағанда, ауданы 500 шаршы метрден артық сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда орталықтары, азық-түлік емес дүкендер, аралас тауар дүкендері, павильондар (қойма үй-жайларынсыз жалпы ауданы ескеріледі) сенбі және жексенбі күндері жұмысын тоқтады.

Сонымен бірге, келушілер санын 30 пайыздан асырмай және бір келушіге 4 шаршы метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда орталықтары, азық-түлік емес дүкендеріне сағат 22:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Ал, «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда, балалар ойын алаңдары мен аттракциондары қызметіне тыйым салынады.

«Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі-ХҚКО), оның ішінде мамандандырылған ХҚКО-ның, 1414 Call-орталығы және виртуалды ассистенттердің жұмыс күндері (дүйсенбі - жұма) сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, сенбі күндері сағат 09:00-ден 14:00-ге дейін жұмыс істейді. Көкшетау қаласы ХҚКО бөлімдерінде, оның ішінде мамандандырылған ХҚКО-да азаматтарды қабылдау қатаң түрде Egov.kz немесе 1414 Call-орталығы алдын ала броньдау арқылы жүргізіледі», - делінген қаулыда.

Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT