Ақмола облысында алтын өндіретін зауыт салынады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында тау-кен байыту комбинатының құрылысы басталады. Бұл туралы аймақ басшысы Ермек Маржықпаевтың «RG GOLD» компаниясының өкiлдерiмен кездесуінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкімдіктің мәліметінше, бүгінгі күні тау-кен байыту комбинаты құрылысының жобалау-сметалық құжаттары әзірленген, бiрқатар мемлекеттiк сараптама жүргiзiлуде.

Бұдан бөлек, инженерлік коммуникациялар үшін жер телімі дайындалған. «RG GOLD» «Оңтүстiк» және «Солтүстiк аудан қалашығы» кен орындарын өндiредi, онда өндiрiстiк қуаттылығы жылына 5 миллион тонна құрамында алтыны бар руда тау-кен байыту комбинатының құрылысын салуды бастауды жоспарлап отыр. Жаңа зауыт Қазақстанда алтын өндiретiн үшiншi зауыт болмақ.

«RG GOLD» компаниясының өкiлдерi өз жоспарларын таныстырды, оның шеңберiнде 105 миллиард теңге инвестиция құю жоспарланған.

«Бұл жоба жаңа жұмыс орындарын, салық базасын нығайтуды, кемiнде екi ауданның экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етедi. Бизнес инвестициялардың жалпы көлемiнен жеке инвестициялар 80 пайызын бiздiң экономикамызды дамытуға жұмсайтыны қуантады», - дедi Ермек Маржықпаев.

Айта кетерлiгi, қазiргi уақытта бұл жоба республикалық картаға енгiзуді және бекiтуді қажет етеді. Ақмола облысы өзара тиiмдi ынтымақтастыққа мүдделi инвесторлар үшiн агроөнеркәсiп секторында ғана емес, өндiрiстiң барлық бағыттары бойынша тартымды. Қаржы салымдары жылдан жылға өсе түсуi соның айғағы.


Соңғы жаңалықтар