Ақмола облысында алғаш рет сотталушылар арасында үздік оқушылар таңдалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысында алғаш рет конкурстық негізде сотталушылар арасындағы үздік оқушылар таңдалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Ең алдымен, «Мектептің үздік оқушысы» деп аталатын конкурс облыстық білім басқармасының қолдауымен біздің өңіріміздегі мекемелерде алғаш рет өтуде. Бұл байқауды ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына ұштастырудамыз», - деп атап өтті Ақмола облыстық ҚАЖ департаментінің сотталушылар арасындағы тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы Гүлнар Османова.

Конституциялық құқықты қолдана отырып, қазіргі таңда Ақмола облысының мекемелерінде мемлекеттік және орыс тілдерінде 400-ге жуық жазаланушы тегін білім алуда. Үш кезеңнен тұратын конкурсқа ұқыптылығы және үлгерімінің жақсы болуымен ерекшеленген оқушылар қатысты.

«Қатысушылар конкурстың алғашқы кезеңінде өздерінің, ұрандары мен эмблемаларын таныстырды. Кейін «Менің тәуелсіз Қазақстаным» тақырыбындағы эссе жазу кезеңімен жалғасты. Қатысушылар ары қарай Қазақша, орысша және ағылшынша мәнерлеп өлең оқудан жарысты. «Мен дарындымын» шығармашылық кезеңінде білім алушылар вокалдық дарындарын, жинамалы қағаз өнерін меңгеруден бақ сынады.

Алайда, интеллектуалды конкурс ең көңілді әрі қызықты болды. Қатысушылар қиындық деңгейіне қарай Қазақстан тарихынан, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде, биология, географиядан сұрақтар таңдады.

Конкурс «Егер мен білім министрі болсам...» презентациялық жобасымен аяқталды. Жеңімпаздар бұл кезеңде еліміздің барлық оқушыларын бірыңғай тегін мектеп формасымен, тегін жол жүрумен қамтамасыз етіп, ҰБТ-ны алып тастау және билеттік жүйемен емтихан тапсыруды, оқушы мен мұғалім арасында тікелей қарым-қатынас орнатуды ұсынды. Ауыл жастарында жеке жеңілдік жүйе енгізу арқылы ерекше көңіл бөлуді, колледждер мен ЖОО түлектерін заңнамалық деңгейде жұмыспен қамтамасыз етуді, сондай-ақ ұстаздардың еңбекақыларын көтеру мәселелерін шешуді алға тартты», - деді ол.

Конкурс жеңімпаздары дипломдар және алғыс хаттармен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар