Ақмола облысында 88 ұйым «Ashyq» көшбасшылары тізіміне енді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 88 ұйым «Ashyq» көшбасшылары тізіміне енді. Оның ішінде сауда ойын-сауық орталықтары, қоғамдық тамақтану орындары, мемлекеттік органдар мен сауда нүктелері бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Ashyq» көшбасшысы» мәртебесін беру үшін жобаға қатысушылардың тізімін әкімдік анықтайды. Олар екі апталық кезеңдегі QR-код (check-in) бойынша келушілерді тіркеу саны арқылы анықталады.

«Қоғамдық тамақтану нысандарының тізіміне: «The Best» кофеханасы, «Алдар көсе» дәмханасы, «Атажұрт» мейрамханасы, «Қоғамдық тамақтандыру 24» кіреді.

Демалыс нысандарының тізіміне: «Зерен-Нұр» санаторлық-сауықтыру кешені» - Зеренді ауданы, «Discovery-Borovoe» оңалту сауықтыру орталығы» - Бурабай ауданы, «Beibarys» демалыс базасы-Аршалы ауданы, «Балқарағай Кантри Клуб» - Целиноград ауданы.

Сауда-ойын-сауық орталығының тізіміне: Көкшетау қаласындағы «РИО» сауда ойын-сауық орталығы кіреді.

Сондай-ақ, «Ashyq көшбасшылары» тізіміне мыналар кірді: Көкшетау әуежайы, Көкшетау станциясының теміржол вокзалы, облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар) Nomad – Бурабай ауданы», - деді ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар