+7 (701) 759 90 19
USD 435.54 EUR 473.08
RUB 5.76 CNY 61.64
Jańalyqtar

Ақмола облысында 6 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілген

2020 жылғы 19 ақпан 22:30
Бөлісіңіз:
Ақмола облысында 6 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілген

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 6 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Берген Беспалинов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы облысында ауыл халқы мемлекеттік қызметті онлайн ала бастады

Департамент басшысының айтуынша, өткен жылы облыста 6 320 828 мемлекеттік қызмет көрсетілсе, бұл көрсеткіш 2018 жылмен салыстырғанда 9,1 пайызға өскен.

«Мемлекеттік органдар - 402 565, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы - 511 654 мемлекеттік қызмет көрсетті. Электронды форматта көрсетілген қызметтер саны 5 406 609 құрап, бұл көрсеткіш 2018 жылмен салыстырғанда шамамен 1 миллионға артып отыр» - деп атап өтті Б.Беспалинов.

Сонымен қатар, спикер қоғамдық мониторинг нәтижелері бойынша Ақмола облысының республика бойынша 4,92 балл жинағанын мәлімдеді. Соның өзінде орташа көрсеткіш 4,73 баллды құрап отыр. Осылайша облысымыз азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейі бойынша 1 орынға ие болды.

Қызмет көрсету сапасы ашықтық, қолжетімділік, ыңғайлылық, қызмет көрсетушілердің клиентке бағдарлануы, қызмет көрсету ұзақтығы, шығындар, кері байланыс сапасы және нәтиже сияқты критерийлер бойынша бағаланды.

«Мемлекеттің ең басты байлығы – адам. Сол себепті біздің басты міндетіміз – өмір сапасын арттыру. Осыған орай халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру басты міндеттердің бірі болып қала береді» - деп толықтырды Б.Беспалинов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT