Ақмола облысында 555 мектеп кең жолақты интернетке қосылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында Білім және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға дейінгі және «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде білім саласы жүйесін цифрландыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, өңірдегі жалпы білім беретін 555 мектеп 4-тен 8 Мбит/секунд және одан жоғары жылдамдықты кең жолақты интернет желісіне қосылған.

Бүгінгі таңда 16 мыңнан астам компьютер техникасы бар. Биыл 2460 компьютер сатып алынды. Мемлекеттің қолдауының арқасында өңірге 23 мың компьютер сатып алу мүмкіндігі ұсынылды. Бұл оқушылардың компьютер техникасына деген сұранысын екі есеге азайтады. Үш тілде қырық мың сабақ пен бір миллионнан астам мультимедиялық материал бар «Bilimland» білім беру платформасын қолдану мұғалімнің жұмысын жеңілдетеді.

«Бүгінгі күні интернет-ресурстарда оқушылардың білім беру үрдістеріне қатысуына және мұғаліммен кері байланыс жасауына, онлай сабақтарға қатысуға, сабақтарды жазып, сақтауға мүмкіндік береді.

Білім беру платформаларына облыстың 15 ауданы мен қалаларындағы барлық мектеп қосылды. Көкшетау және Степногор қалаларында «Online Mektep» модулі Bilimland платформасы қолданылады. Ерейментау және Шортанды аудандары оқу үрдісінде «DDaryn.online платформасын қолданады», - деді облыстық білім басқармасының басшысы Валерий Гамазов.

Басқарма басшысы атап өткендей, облыстағы барлық 1321 білім беру ұйымы Ұлттық білім беру базасының мәліметтері ресурстарын қолдану арқылы жұмыс істейді.

«Цифрландыру мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде де жүзеге асырылуда. Бүгінгі күні кез келген ата – ана баласын электронды жүйе арқылы есепке қоя алады. Осы жүйе арқылы 14 мыңнан астам бала мектепке дейінгі білім беру мекемесіне кезекке қойылды», - деп толықтырды Валерий Гамазов.


Соңғы жаңалықтар