Ақмола облысында 25 жолаушы мінген автобус апатқа ұшырады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 25 жолаушы мінген автобус апатқа ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы маусымның 14-де сағат 09:35 кезінде «Ақсу-Бестөбе-Изобильное» тасжолының 37-шақырамында болған.

«Анықталғандай, «Ауди» көлігінің 1978 жылғы жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, қарсы бағытта жүріп келе жатқан «Kaessbohrer Setra» жолаушылар автобусымен соқтығысқан. Салдарынан автобуста болған 25 жолаушының жетеу і түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді», - деді ведомстводан.

Қазіргі кезде жол-көлік оқиғасына байланысты кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту үшін материалдар сотқа жолданды.



Соңғы жаңалықтар