+7 (701) 759 90 19
USD 448.52 EUR 490.32
RUB 5.69 CNY 63.23
Jańalyqtar

Ақмола облысында 21 рет алаяқтық жасаған әйел ұсталды

2020 жылғы 18 ақпан 01:38
Бөлісіңіз:
Ақмола облысында 21 рет алаяқтық жасаған әйел ұсталды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында әлеуметтік желі арқылы жарнама беріп, 21 рет алаяқтық жасаған павлодарлық әйел ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, күдікті арам ойын танымал әлеуметтік желілер арқылы жүзеге асырып келген. Мәселен, 2019 жылдың шілдесі мен желтоқсан айы аралығында «ОЛХ» әлеуметтік желісі арқылы Көкшетау қаласында пәтер жалға берілетіні туралы жарнама жариялаған.

«Зардап шеккендердің басым көпшілігі арзанға пәтер жалдамақ болған студенттер. Ең бірінші полицияға Көкшетау қаласындағы 19 жастағы студент қыздан арыз түсті. Одан кейін тағы жергілікті 20 адамнан арызданды»,- дейді ведомстводан.

ПД баспасөз қызметінен атап өткендей, алаяқ әйел жарнама бойынша қоңырау шалған «клиенттеріне» пәтер іздеген адамның көптігін айтып, алдын ала жарна төлеуін талап еткен. Ол үшін күдікті «WhatsApp» мессенджері арқылы жалған құжаттар мен фото жіберіп отырған. Осылайша, көшетаулықтардан алдап 30000 және 40000 теңге ақша алған соң күдікті кейін байланысқа шықпай қойған. Ақша әртүрлі жолмен алған. Тіпті, «Kaspi Gold» арқылы да алғаны да анықталды.

«Жедел-іздестіру шарасы кезінде күдікті ретінде Павлодар қаласының 26 жастағы тұрғыны ұсталды. Күдіктінің осындай қылмысы үшін бұрын істі болғаны анықталды. Қазіргі кезде, күдіктінің үстінен ҚР ҚК 190 бабы (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деп толықтырды ведомстводан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT