Ақмола облысында 17 жастағы студент қыз жоғалып кетті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында із-түзсіз жоғалған жасөспірімге іздеу жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның дерегі бойынша, 25 қаңтарда Бурабай аудандық ПБ кезекшілік бөліміне Ақылбай ауылының 63 жастағы тұрғыны хабарласып, 17 жастағы қызы хабарсыз кеткенін айтқан.

Зейнеткердің сөзінше, 24 қаңтардан бері қызының қайда екені белгісіз.

Белгілі болғандай, Музыкина Анастасия Михайловна жергілікті колледждердің бірінде бірінші курста оқиды.

24 қаңтарда таңертең әкесі автокөлігімен қызын Щучьеге жеткізіп, өзі жұмысына кеткен. Сол күні сағат 13:00-де оған ұлы хабарласып, ауа райына байланысты колледжде сабақ болмағанын, Анастасияның үйіне келмегенін айтқан. Осыған дейін де бірнеше рет үйінен кетіп қалып жүргендіктен ата-анасы өзі келер деп ойлаған.

«Анастасияның бойы 160-165см, орташа денелі, шашы орташа ұзын қара түске боялған, көзі қоңыр түсті. Басына тоқылған көк түсті шәпке, үстіне арқа тұсында «adidas» жазуы бар қара көк түсті күрткі, көк түсті джинсы, аяғына көк түсті кебіс (уги) киген. Кейбір мәлімет бойынша, оның Нұр-Сұлтан қаласында жүргені анықталды. Іздеу жұмыстары жүріп жатыр», - дейді ведомстводан.

Полиция қызметкерлері Музыкина Анастасия Михайловнаның жүрген жерін білетін адамдар болса, 2002 немесе «102» жедел желісіне хабарласуды сұрайды.


Соңғы жаңалықтар