Ақмола облысына жаңа прокурор тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Бас прокурорының бұйрығымен Ақмола облысы прокуроры болып аға әділет кеңесшісі Айдос Майлыбаев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айдос Серікханұлы 1977 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Жоғары құқықтық білімі бар.

Алматы облысының екі ауданының прокуроры болып қызмет атқарған.

Сонымен қатар, Жамбыл облысы прокурорының орынбасары және Ақтөбе облысы прокурорының бірінші орынбасары болған.

Осы тағайындауға дейін Бас прокуратураның департамент бастығы болған.

Қоғамдық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етудегі жетістігі үшін Мемлекет басшысының Жарлығымен «Жауынгерлік ерлігі үшін» (2014ж.) медалімен марапатталған.


Фото: turaninfo.kz
Соңғы жаңалықтар