Ақмола облысын 100 пайыз сапалы сумен қамту мерзімі айтылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев өңірді 100 пайыз сапалы сумен қамтамасыз ету мерзімін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сумен жабдықтауға қатысты, бұл мәселе барша ақмолалықтарды, әсіресе ауыл тұрғындарын алаңдатады. Биыл сумен жабдықтау жүйелерін салу және жөндеу жөніндегі жобалар 38 елді мекенде іске асырылуда (9,5 млрд теңгеге 36 жоба). Жұмыстардың аяқталуы бойынша шамамен 7 мың ауыл тұрғыны орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілетін болады, қамту үлесі 83 пайыздан 90 пайызға дейін артады», - деді әкім Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасының аясында облыста 2025 жылға дейін 107 ауылда сумен жабдықтау торабын салу, тағы 57 ауылда блок-модуль орнату жоспарлануда, ол халықты 100 пайыз сапалы сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


Соңғы жаңалықтар