Ақмола облысы туризм басқармасының басшысы тағайындалды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облыс әкімінің 2020 жылғы 25 мамырдағы өкімімен Уәлихан Мұташұлы Ғабдуллин Ақмола облысының туризм басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық туристік ақпарат орталығына сілтеме жасап.

Уәлихан Мұташұлы 1972 жылы туған. Солтүстік Қазақстан облысының тумасы, бiлiмi-жоғары. «Фемида» Қарағанды заң академиясын, Көкшетау экономика және менеджмент институтын бітірген.

2000-2003 жылдары Ақмола облысының iшкi iстер органдарында қызмет еттi.

2003-2013 жылдары коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді, «Нұр банк» АҚ филиалының орынбасары, кейін директоры, «БТА Банкі» АҚ филиалының директоры қызметтерін атқарды.

2013-2014 жылдары аппарат басшысының Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң iс басқарушысы орынбасары болды.

2014-2016 жылдары Ақмола облысы Кәсiпкерлер палатасының директоры.

Осы тағайындауға дейін Бурабай ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.


Соңғы жаңалықтар