Ақмола облысы шығармашылық жобалар байқауында жүлдегер атанды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы республикалық «Менің бастамам – менің Отаным үшін» шығармашылық жобалар байқауында жүлделі үшінші орыннан көрінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Облыстық білім басқармасының дерегі бойынша, жастар мен балалардың бастамаларын дамыту, сондай-ақ, талантты балаларды қолдау бағытында ұйымдастырылған байқауға Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында және облыстарда өткен өңірлік кезеңдердің жеңімпаздарынан құралған 170 оқушы қатысты. Оның ішінде Ақмола облысынан 9 бала бар.

Байқау жеңімпаздары «Өз жылуыңмен бөліс», «Туған қалаға – игі іс», «Мен – Қазақстан азаматымын», «Медиажоспар», «Менің кіші Отаным», «Қазақстанның жеті кереметі», «Қазақстанның 100 жаңа есімі», «Жаңару полюсі», «Киіз үй – ғаламшар үлгісі» тәрізді тоғы аталым бойынша анықталды.

«Облыстық кезеңде жүлдегер атанғандағы қуанышымды ауызбен айтып жеткізу мүмкін емес. Байқаудағы аталым тақырыбы менің идеяларым мен ойымды асқақтатты. Келешекте оны өз елімде жүзеге асыруға мүмкіндік бар. Байқауда өзімді өзім дамытуға, өзімді өзім тәрбиелеуге, көшбасшылық қабілетімді ашуға мүмкіндік алдым», - дейді «Жаңару полюсі» аталымы бойынша жүлделі үшінші орын алған Аружан Сардарқызы.

Байқау ҚР Білім және ғылым министрлігі қосымша білім беру республикалық оқыту-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен.


Соңғы жаңалықтар