Ақмола облысы кәсіпкерлерінің қауымдастығы Елбасының бастамасын қолдады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы кәсіпкерлерінің қауымдастығы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың республикалық қор құру туралы бастамасын қолдайды. Бұл туралы қауымдастық үндеуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құрметті жерлестер! Ақмола облысы кәсіпкерлерінің қауымдастығы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың республикалық қор құру туралы бастамасын қолдайды. Қазіргі кезде біздің еліміз қиын сәтті бастан кешуде, қауіпті инфекция – коронавирустың таралу қауіпі төніп тұр. Осы кезде біз жұдырықтай жұмылып, бір бірімізге көмек көрсету және қолдау арқылы бұл індетті жеңе аламыз. Біз облысымыздағы әр кәсіпкер жағдайдың күрделі екендігін түсініп, өз қызметкерлеріне еңбекақыларын уақытылып беріп, жұмыс орнын сақтап қалады деп ойлаймыз. Осы кезең әр кәсіпкердің қалтасына салмақ салатыны белгілі, бірақ та, біз соған қарамастан адамгершілік танытуымыз керек.

Елбасы атап өткендей, «Кемедегінің жаны бір». Осы кезде бірінші кезекте, жасы келген адамдар, мүгедектер, әлеуметтік жағанынан аз қамтылған халыққа ауыр тиетінін ұмытпауымыз керек. Атаулы әлеуметтік көмек көрсету үшін бағытталған қаражат нақты мұқтаж жандарға жететініне сенімдіміз. Мойындауымыз керек, біз кәсіпкерлер, өз ісінің кәсіби шеберлері мемлекеттің қолдауы, түсіністік, сыйластық және ертеңгі күнге сенімділіктің арқасында қалыптасып отырмыз. Бір бірімізге деген қолдау мен бірліктің арқасында қиын сәтті бастан өткереміз! Біз біргеміз!», - делінге кәсіпкерлердің үндеуінде.

Айта кетйік, осыған дейін Елбасы қазақстандықтарға ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Үкіметтің жүзеге асырып жатқан шаралары коронавирус таралуы жағдайындағы ең дұрыс шешім екендігін айтып, оны қолдауға шақырған болатын.


Соңғы жаңалықтар