Ақмола облысы бойынша монополияға қарсы департаментінің басшысы тағайындалды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Алмат Фазыл Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрілігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алмат Үйсінұлы Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау және табиғи монополияларды реттеу бойынша органдарының және Еуразиялық экономикалық одақ жүйесінде 13 жылдан астам жұмыс атқарды. Сондай-ақ, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ, «Қазақстанның мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы» АҚ, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрілігінің орталық аппаратында жұмыс тәжірибесі бар.

Мемлекеттік басшылары деңгейінде Жоғары Еуразиялық кеңесінің шешімдерімен «Еуразия экономикалық одағының құрылуына қосқан үлесі үшін II дәрежелі» (2015 ж.), «Еуразия экономикалық одағының дамуына қосқан үлесі үшін» (2019 ж.) медальдарымен, «Қазақстан Республикасының монополияға қарсы органының 25 жылдығы» ведомстволық медальмен марапатталған.

Соңғы жаңалықтар