Ақмола облысы аймақта көрсетілетін мемқызметтердің сапасы жағынан үздік шықты

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы мен осы мәселеде азаматтардың қажеттіліктерін қанағаттандыру деңгейі жағынан бірінші орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы аймақ басшысының орынбасары Марат Иғалиев өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.

«ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің тапсырысымен жүргізілген қоғамдық тексеріс қорытындысы бойынша, Ақмола облысы 5 мүмкіндіктен 4,92 ұпай жинады. Республика бойынша орташа ұпай - 4,73.

Осылайша, облыс көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы мен осы мәселе бойынша азаматтардың қажеттіліктерін қанағаттандыру деңгейін жөнінен бірінші орын алды. Көрсетілетін қызметтер сапасы ашықтылық, қолжетімділік, қолайлылық, қызмет ұсынушының клиентпен жұмыс істеу қабілеті бойынша анықталды», - деп атап өтті М.Иғалиев.

«2019 жылдың қорытындысы бойынша Ақмола облысының тұрғындары жергілікті атқарушы органдар көрсеткен қызмет сапасын жоғары бағалады. Өткен жылы аймақ басшысы Ермек Маржықпаевтың тапсырмасымен осы бағытта ауқымды жұмыстар жүргізілді. Біріншіден арнайы оқыту ұйымдастырылды. Екіншіден ашық әкімдік сервисіне көшірілді. Бірқатар әкімдік кедергісіз кеңістік арқылы қызмет көрсете бастады.

Бұдан бөлек, өңірлерге шығу арқылы бақылау шаралары өткізілді. Күн сайын өтініштерді қарау мерзімінің бұзылуын алдын алу бойынша мониторинг жүргізіліп тұрады. Бұл бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғасады», - деп толықтырды Ақмола облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтерді көрсетуді талдау бөлімінің басшысы Данагүл Жұмабек.


Соңғы жаңалықтар