Ақмола облысы әкімінің қабылдауына 300-ге жуық адам келді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев жеке мәселесімен келген азаматтарды қабылдау күнін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қабылдауға облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық департаменттер мен басқармалардың басшылары, Көкшетау қаласының әкімдігі, құқық қорғау органдары, коммуналдық қызметтер, азаматтарға арналған үкімет корпорациясы мен Nur Otan партиясы және екінші деңгейлі банктердің басшылары қабылдады.

Жалпы, бұл күні қабылдауға облыстың әр ауданынан 300-ге жуық тұрғын келді. Оның 91-і тікелей облыс әкімі Ермек Маржықпаевқа жолығып, сауалын қойды.

Сұрақтардың дені баспанамен қамтамасыз ету, тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін алу, кәсіпкерлік және агроөнеркәсіп кешендерін қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламаға қатысу, жолдарды жөндеу, Көкшетау қаласындағы апатты тұрғын үй мен абаттандыруға, спортты дамыту, су басып кету қаупі бар елді мекендерге қатысты мәселелерді көтерді. Сұрақтардың біразы сол жерде шешілісе, қалғаны бақылауға алынды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру шеңберінде үшінші рет осындай ашық есік күнін өткізіп отырмыз. Төрт сағаттың ішінде 300-ге жуық адамды қабылдадық. Оның үштен бірін осы жерде шештік. Айына бір рет осындай қабылдау өткізіп тұруымыз керек», - деді аймақ басшысы.

Соңғы жаңалықтар