Ақмола дәрігерлері үстіне кран құлаған дәнекерлеушінің жағдайы туралы айтты

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының дәрігерлері үстіне кран құлап, зардап шеккен дәнекерлеушінің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, қаңтардың 22-сінде сағат 16:00 үстіне кран құлаған 45 жастағы ер адам түрлі дене жарақатымен Степногор қаласының көпбейінді ауруханасының травматология бөлімшесіне жеткізілді. Дәрігерлердің тексеруінен кейін зардап шегуші жансақтау және интенсивті терапия бөліміне жатқызылды.

«Зардап шегушінің жағдайы ауыр, тұрақты, есін біледі. Қажетті ем алуда», - дейді дәрігерлер.

Айта кетейік, осыған дейін Ақмола облысында жұмысшылардың үстіне кран құлаған болатын. Осының салдарынан бір адам көз жұмып, бір адам зардап шекті.


Соңғы жаңалықтар