Ақмола әлеуметтік-экономикалық дамудың басты көрсеткіштеріне қол жеткізді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы әлеуметтік-экономикалық дамудың басты бес көрсеткішіне қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Дүзелбаевтың айтуынша, экономиканың маңызды саласы өңірдің агроөнеркәсіп секторында өсім қамтамасыз етілді.

Осының арақасында өсімдік шаруашылығы өсімі 27 пайызға, ет өндірісі 6,1 пайызға, сүт өндірісі 1,6 пайызға артып, республика бойынша өңір ауыл шаруашылығы саласында өндіріс көлемінен бірінші орынға шықты.

Пандемия жағдайына қарамастан өңірдегі кәсіпорындар жұмысын тоқтатқан жоқ. Осының нәтижесінде тоғыз айда өнеркәсіп саласында өндіріс көлемі 6,8 пайызға өсіп, 695 миллиард теңгені құрады. Бұл - республика бойынша екінші орын.

Ведомствоның мәліметінше, өнеркәсіп саласының 80 пайыздан астамын құрайтын өңдеуші салалары металлургия, машинақұрылысы, тағам өнеркәсібінде жыл басынан бері 8,8 пайыз өсім болды.


Сонымен бірге, өңірде негізгі капиталға салынған инфестиция бойынша оң динамика қалыптасып, республика бойынша 3-орыннан көрінді.

«Облыс экономикасына шамамен 297,6 миллиард теңге инвестиция салынды. Бұл - өткен жылмен салыстырғанда 23 пайыз жоғары. Сондай-ақ, инвестор тарту арқылы «КБ Интерпрайзис» ЖШС қуаты 100 МВт болатын күн электр стансасының, «Макинск құс фабрикасы» ЖШС құс фабрикасының екінші кезеңінің, «Вичи» және «Golden Energy Corp» ЖШС жел электр стансаларының құрылысы бар.

Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудың нәтижесінде өңірде 417,7 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді. Құрылыс көлемі 104 миллиард теңгені құрады.

20 822 мың жаңа жұмыс орны ашылса, оның 12 483 - тұрақты.


Соңғы жаңалықтар