+7 (701) 759 90 19
USD 388.49 EUR 427.26
RUB 6.06 CNY 55.32
Jańalyqtar

Ақмола әкімінің кеңесшісі «Есіл» ӘКК»ҰК» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды

2019 жылғы 6 қыркүйек 16:24
Бөлісіңіз:
Ақмола әкімінің кеңесшісі «Есіл» ӘКК»ҰК» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола әкімінің кеңесшісі Ербол Жақсылықов «Есіл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аймақ басшысының орынбасары Марат Иғалиевке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
«Охотзоопром» кәсіпорнына жаңа басшы келді Ақтөбеде облыс әкімінің орынбасары тағайындалды Ақтөбеде экономикалық тергеу депаратаментіне жаңа басшы келді

«Ербол Жақсылықов «Есіл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы болып тағайындалды», деп жазды Марат Иғалиев Facebook парақшасында.

Ербол Жақсылықов 1976 жылы Көкшетау қаласында туған. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін «инженер-экономист» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1998 жылы Көкшетау қаласы аппаратының экономика басқармасында бас маман болып бастаған.

2004-2008 жылдары Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті директорының орынбасары, кейін директоры болды.

2017 жылдың қазанынан бастап бүгінгі күнге дейін Ақмола облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы болып қызмет етті.

Әр жылдары «Ақтау теңіз порты» АЭА дирекциясының директоры, «Есіл» ӘКК» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма басшысы болған. Жеке кәсіппен айналысқан.

2019 жылдың шілде айының соңынан Ақмола облысы әкімінің кеңесшісі болып қызмет істеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Тағайындау, Ақмола облысы,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT